A- A A+
«Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Көрме «Мерейтой иесiне-75 жыл»

27.05.2021 жылы Азаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамнының Ақмола бойынша филиалының әлеуметтiк қамтамасыз ету бойынша Бiржан сал ауданының бөлiмiнде мемлекеттiк архив қызметкерлерi Киiков Қайыргелдi Ақылбекұлының 75 жылдығына арналған көрме өткiздi.

Киiков Қаргелдi Ақылбекұлы 1946 жылы 27 мамырда Еңбекшiлдер ауданы Құдық — Ағаш ауылында соғыс ардагерлерi Киiков Ақылбек және Киiкова Лидия Тихонқызының отбасында дүниеге келген. 1964 жылы Степняк қаласындағы Абай атындағы № 2 орта мектептi күмiс медальмен бiтiрiп, Алматы мемлекеттiк медицина институтының стоматология факультетiне оқуға түстi. Дәрiгер мамандығын таңдап, Қайыргелдi Ақылбекұлы аудандық аурухананың стоматолог дәрiгерiнен бастап аудандық емхананың меңгерушiсiне дейiнгi еңбек жолынан өттi.

Құрметтi демалысқа шыққаннан кейiн облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының СӨС дәрiгерi болып жұмыс iстедi. Жұмыс iстеген жылдары өзiн кәсiби стоматолог және тәжiрибелi жетекшi ретiнде көрсеттi. К. А. Кииков жоғары ұйымдастырушылық қабiлетiнiң және проблемалық мәселелердi шешуде табандылығының арқасында ауданның денсаулық сақтау саласын нығайтуға және дамытуға үлкен үлес қосты. Оның еңбегi лайықты бағаланды: КСРО Медицина қызметкерлерi кәсiподағының Орталық Комитетiнiң XII және XIII съездерiнiң делегаты, КСРО Медицина қызметкерлерi кәсiподақтарының Орталық Комитетiнiң мүшесi. 1974,1979,2000 жылдары Қазақстан стоматологтары съездерiнiң делегаты. Көп жылғы жемiстi еңбегi, қызметтiк мiндеттерiн адал атқарғаны үшiн Қазақстан стоматологиялық қауымдастығының еңбек сiңiрген стоматологы дипломымен марапатталды. ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, облыстық денсаулық сақтау басқармасының көптеген грамоталарымен марапатталған. Пирогов атындағы төс белгiсiмен, Сағадат Нұрмағамбетов мерейтойлық медалiмен марапатталған. Ауданның қоғамдық өмiрiне белсендi қатысқандары: ҚР Президентi Н.Назарбаевтың, облыс және аудан әкiмiнiң алғыс хаттарымен атап өтiлдi.

2015 жылы К.А. Киiковке Еңбекшiлдер ауданының Құрметтi азаматы атағы берiлдi.

50 жылдан астам уақыт Абай атындағы № 2 мектепте мұғалiм болып зейнеткерлiкке шыққанға дейiн жұмыс iстеген жұбайы Бақыт Құсайынқызымен бейбiтшiлiк пен келiсiмде өмiр сүрiп келедi. Бiрге бес лайықты ұл мен қыз тәрбиелеп өсiрдi. Қайыргелдi Ақылбекұлы зейнеткерлiк демалыста жүрген кезiнде марқұм қызы Жанар Бастаған, Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан жауынгерлердi, бiздiң жерлестерiмiздi iздестiру және еске алу жұмыстарын белсендi жүргiзуде.

Жерлесiмiз К. А. Кииковтың жеке тектi құжаттары Бiржан сал ауданының мұрағат қорында мұқият сақталады.

Обязанности студентов

1.Во время практики студент-практикант является членом

педагогического коллектива школы и выполняет порядок

школы, приказы администрации.

2.Студент-практикант обязан проводить пробные уроки по

предметам.

3.Преподавать по изучаемой специальности, проводить

внеклассную работу по предмету.

4.Каждый студент во время практики ведёт дневник.

5.Практикант должен заранее показать учителю поурочные

планы. План утверждает методист. С неутвержденным

планом практикант не допускается на урок. Каждый урок

обсуждается и оценивается в тот же день.

6.Каждый студент в период прохождения практики обязан

готовить наглядные пособия на уроки и для проведения

занятий.

7. Каждый студент в период прохождения практики должен

неукоснительно соблюдать правила ТБ и охраны труда.

8.Студент обязан соблюдать правила культуры внешнего

вида и поведения.

«Жеңiс күнi» көрмесi

2021 жылдың 05 мамырында «Бiржан сал ауданының мемлекеттiк архив» КММ қызметкерлерi Бiржан сал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Жеңiс күнiне арналған көрме өткiздi. Бөлiм мамандарына Ұлы Отан ардагерлерiнiң Шабанов А.А, Харочкин Н.Д, Кииков отбасының жеке құжаттары көрме ретiнде ұсынылды және басқа жеке құрам құжаттары ұсынылды.

Мақаланың шыққан күні: 27.05.2021
Қаралым саны: 1299

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»