A- A A+
«Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Еңбекшілдер ауданының мемлекеттік архиві» ММ-нің 2016 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ

1.Кiрiспе

2016 жылы мемлекеттiк мұрағаттың негiзгi қызметi «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңына және оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар есебiмен Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауының, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, алқа шешiмдерiнiң, Архивтер мен құжаттарды басқару Комитетiнiң бұйрықтарының, жергiлiктi атқарушы органдардың қаулысы мен өкiмдерiнiң, ғылым, мәдениет, бiлiм мекемелерiмен, қоғамдық ұйымдармен iскерлiк байланысты қалыптастырудың, Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiтуге, сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесiн бекiтуге, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты мен регламентi, архив ұйымдарының жоспарлы-есептiк құжаттарының нысанының жүзеге асырылуына бағытталады.

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуын және мемлекеттiк есепке алуын қамтамасыз ету

Мемлекеттiк архив материалдық-техникалық базаны және техникалық жарақтау жұмысын нығайтуды жалғастырып келедi. Ғимараттың ағымдық жөндеуiне келесi жұмыс түрлерi жүргiзiлуi жоспарлануда: көшедегi баспалдақ маршын қайта жаңғырту; ғимараттың цоколiн жөндеу; ғимаратқа iргелес жатқан iшкi аумақты аббаттандыру (шақпатас жабындысымен және асфальттау); сыртқы көшенi жарықтандыру; көлiктердiң аялдауы үшiн кiрме жол жерлерiн орнатуды жүргiзу. Ай сайын залалсыздандыру және дәрiлеу, мұрағат қоймаларын өңдеу жүргiзiледi. Архив қоймаларының бөлмелерiнде күзеттiк-өртке қарсы режим қамтамасыз етiледi, құжаттарды сақтаудың оңтайлы шаралары жасалған.

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын және мемлекеттiк есепке алуын қамтамасыз ету щеңберiнде «Архив қоры» кешендi бағдарламасын енгiзу үшiн күштердi жинастыру қажет.

Басқару құжаттарын және жеке құрам бойынша 1000 сақ. бiрл. көлемiнде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құжаттардың қолда барын және физикалық жағдайына тексерiс өткiзу. Бұл жұмыспен қамтылады: Қ №30 — Валихан ауданының ветиринарлық станциясы (жауапты архивистер — Ескендирова Б.Б., Мурашова Т.В. қаңтар-наурыз 2016 ж.), Қ №31 — «Украинский пахарь» колхозының ауылшаруашылық артелдерi Заураловка а., «4-ая Пятилетка» Шубинка а. (жауапты архивистер — Ескендирова Б.Б., Уалиахметова Д.Б. сәуiр-маусым 2016 ж.), Қ №32 — Филиал 20/1 РГП «Енбек-Кокшетау» (жауапты архившiлер — Ескендирова Б.Б., Мурашова Т.В. шiлде-қыркүйек 2016 ж.), Қ №33 — Аграрлық-өнеркәсiптiк кешеннiң жұмысшыларының аудандық кәсiподақ комитетi (жауапты архивистер — Ескендирова Б.Б., Валикова Л.Б. шiлде-қыркүйек 2016 ж.), Қ №34 — Энбекшiлдер ауданының жоспарлы бөлiмi (жауапты архивистер — Мурашова Т.В., Сарсембекова С.Е. қазан-желтоқсан 2016 ж.).

Қағаз негiзiндегi құжаттарды жаңғырту жұмысын жалғастыру. Барлығы 25 сақ. бiрлiгi, 20 бет жаңғырту жоспарлануда, 20 iстi тiгу, 150 iстi мұқабалау, 10 беттегi өше бастаған мәтiндi қалпына келтiру.

2.ҚР ҰМҚ құру, ведомстволық архивтердiң ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылығы және мекемелер, ұйымдар немесе кәсiпорындардағы iс жүргiзудегi құжаттардың ұйымдастырылуы. Заңды тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң архивтерiмен жұмыс iстеу.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қамсыздандыруды сапалы құруына ерекше көңiл бөлiнедi, мемлекеттiк сақтауға құжаттардың жинақталу сапасын арттыруға, мекеменiң жұмыс тәжiрибесiне енгiзуге, мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттарды және құжаттарды басқару 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрлiгiнiң қаулысымен бекiтiлген Үлгiлiк ереженi ұйымдастыру.

2015 жылғы 26 қаңтардағы №22 Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрлiгiнiң қаулысымен бекiтiлген, сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесi.

2016 жылы басқару құжаттарының 100 сақ.бiрл. қабылдау жоспарлануда, жеке тектiк құжаттар — 10 сақ.бiрл., фотоқұжаттар — 10 сақ.бiрл. (жауаптылар: Мурашова Т.В., Ескендирова Б.Б., Сарсембекова С.Е., Уалиахметова Д.Б. мерзiм қаңтар-желтоқсан), ол Еңбекшiлдер ауданының прокуратурасының құжаттары, фотоқұжаттар, жеке тектiк құжаттар, Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Еңбекшiлдер ауданының мемлекеттiк архивi» ММ-нiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Ақмола облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнiң Еңбекшiлдер аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

Мекемелердiң ведомстволық мұрағаттарында сақталған, құжат құндылығының сараптамасын кезектi жүргiзу жоспарлануда.

Тұрақты сақтаудағы басқару құжаттарының тiзiмдемелерi Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының ЭӘТК бекiтуге ұсынылады (жауапты архив меңгерушiсi-Ескендирова Б.Б, архивистер — Мурашова Т.В., Сарсембекова С.Е., Уалиахметова Д.Б. мерзiм қаңтар — желтоқсан 2016 ж.).

Аудандық ұйымдарға, кәсiпорындарға және мекемелерге iс номенклатурасын әзiрлеуге және құрастыруға әдiстемелiк көмек көрсетiледi, iс жүргiзуге құзырлы жауапты тұлғаларға лайықты кеңестер көрсетiледi.

Еңбекшiлдер ауданының екi ұйымында: құрылыс бөлiмiнде, сәулет бөлiмiнде ведомстволық архив және сараптама комиссиясының жағдайлары келiсiлетiн болады.

Үлгiлiк құжаттар ережесiн, Үлгiлiк құжаттар тiзбесiн енгiзу мақсатында iс жүргiзуге жауапты жұмыскерлермен 2 семинар жүргiзiлсiн. Семинар барысында әдiстемелiк және iс-тәжiрибелiк көмек көрсетiледi. Ауданның ұйымдары мен мекемелерiне құжаттама және құжаттаманы басқарудың сұрақтары жайлы кеңес берiлетiн болады.

3.Ақпараттық-iздеу жүйесiн құру, ғылыми ақпараттық және құжаттарды қолдану

Барлық қабылданған құжаттарға сараптама және ғылыми-техникалық өңдеу жүргiзiледi. Фотоқұжаттарға тiзiм құрастырылатын болады, жеке тектiк құжат және дер кезiнде жыл бойында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының ЭӘТК бекiтуге ұсынылады.

Есептiк жылы Қ. №90 Валихан ауданының атқарушы комитетiнiң басқару құжаттарын каталогтау жұмысы жалғастырылады. Барлығы каталогтаумен бiр қор алынады, 25 сақт.бiрл. басқару құжаттары қаралады, олардың iшiнде 40 карта құралған, кейiн олар каталогтарға кiргiзiледi.

4.Ғылыми ақпарат және құжаттарды қолдану

Мемлекеттiк архив мәдени-ағарту функцияларын орындауда мұрағаттық құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында белсендi насихаттау жүргiзiледi, яғни «Жаңа дәуiр» аудандық газетiне 3 мақала жарияланады, Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiнiң 25 жылдығына, Тұңғыш Президент күнiне арналған 2 фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылады.

Ауданның ұйым мен мекемелерiнiң тарихына қатысты жасалатын, бiр ақпараттық анықтама әзiрленетiн болады. Ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында ерекше мәндi және естен кетпес күндер күнтiзбесi құралатын болады.

Аудан мектептерiндегi оқушылар мен мұғалiмдермен «Архив ненi көрсетедi?» тақырыбына сабақ жүргiзiлетiн болады, саяхат және мемлекеттiк архив ғимаратында құжаттармен жұмыс жасалатын болады.

Аудандық кiтапханамен, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен бiрiктiрiлген фотоқұжаттық көрме жасалатын болады. Мемлекеттiк архив қызметкерлерi ауданда өткiзiлетiн iс-шараларға белсендi қатысатын болады, соның iшiнде Нұр-Отан партиясының саласы бойынша. Ерекше назар азаматтардың сұрауларына уақытылы және сапалы орындалуына көңiл бөлiнетiн болады.

Мемлекеттiк архив өзiнiң жұмысын аудандық Маслихатпен, аудан әкiмiнiң аппаратытымен, аудандық аймақ әкiмiнiң аппаратымен, ауданның ұйымдары, мекемелерi, кәсiпорынымен тығыз қарым-қатынасын жалғастыратын болады.

Келiсiлдi
Ақмола облысының архивтер мен
құжаттамалар басқармасының басшысымен
___________________________ М.Ю.Тохаева
2015 жыл 03 қараша


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2017 10:49

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»