A- A A+
«Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Тұңғыш Президент күніне іс-шара өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 қараша күнi бiздiң архивте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi мерекесiне орай ашық сағат өттi. Бұл мерекенi тойлау кездейсоқ емес. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев мемлекетiмiздiң тұрақтылығына, дамуына және гүлденуiне баға жетпес үлес қосты. 1991 жылы 1 желтоқсанда тарихта алғаш рет бүкiлхалықтық дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының Президентi сайланды. Бүгiнгi күнi Тұңғыш Президент — Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сандарлы саясятының арқасында Тәуелсiз Қазақстан ТМД көлемiндегi орталық-азия аймағында алдыңғы қатарға шығып, халықаралық аренада танымал болды.

Бұл күнi дөңгелек үстел басына архив қызметкерлерi, сондай-ақ мекемеге келушiлер жайғасты. Ашық сағаттың тақырыбы  — «1 желтоқсан — Қазақстан республикасының Тұңғыш Президентi күнi» деп аталды. Мерекенi мемлекеттiк архивтiң директоры А.Шауенова ашты. Оның жүрекжарды тiлегiнен кейiн, сөз кезегi жүргiзушiлер Б.Ескендiрова мен Д.Ашубасароваға берiлдi, олар Ұлт Көшбасшының өмiр жолын баяндап бердi. Ал, жиында архив ұжымы Елбасының бiздiң өлкеге бiрнеше рет келгенiн мақтанышпен айтты.

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2016
Қаралым саны: 1908

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»