A- A A+
«Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 24 қарашадағы «Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығында басты міндет – халықаралық стандарттар мен құндылықтар негізінде саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру, олардың адал және игі есімдерін халық пен ұрпақтарына қайтару міндетін қойды.

Осы мақсатқа толық жеткізу үшін Біржан сал ауданың мемлекеттік архиві негізінде саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы ақпарат жинау үшін жедел-желі құрылды.

Мәліметтер базасын құру үшін, репрессияға ұшыраған, бірақ қалпына келтірілмеген туыстарының, жерлестерінің есімдері туралы кез келген ақпарат; отбасылық жәдігерлер мен қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргінін куәландыратын құжаттар; өлкенің картасына еңгізу мақсатында қуғын-сүргін құрбандарының қабірлерінің (өлім жазаларының) тарихи орындары жайлы; оларды мәңгілік ету және қасиеттеу мақсатында жедел желі телефонына хабарласыңыз: архив телефоны: 8 (716) 39-2-11-03; электрондық пошта мекен-жайы: arhiv_enbek @aqmola.gov.kz, немесе мына мекен-жайға хабарласыңыз: Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 45.

Мақаланың шыққан күні: 06.04.2021
Қаралым саны: 1323

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»