Біржан сал ауданының мемлекеттiк архивiнiң
сайтына қош келдiңiздер!
«Бүгiнгi күндi түсiнiп-түйсiну үшiн де, болашақтың дидарын көзге елестету үшiн де кешегi кезеңге көз жiберуiмiз керек» -деп Н. Ә.Назарбаев бекер айтпаған. Шын мәнiнде, өткенсiз және бүгiнсiз елдiң ертеңi мен болашағы жоқ. Мәдениет пен тарихи ескерткiштердiң сақталуын, сондай-ақ мемлекеттiң, қоғамның және азаматтардың күнделiктi туындайтын мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшiн, өткеннiң көптеген оқиғалары мен факторларын бiлу және түсiндiру үшiн арнайы құрылған архивтiк мекемелерде мемлекеттiң маңызды құжаттық тарихы сақталады. Бiздiң архивте сiздер өздерiңiздi толғандырған сұрақтарға жауап, сондай-ақ «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi жайлы толық ақпарат ала аласыздар. «Архивтiк анықтамалар беру»мемлекеттiк қызметiнсiз «жалғыз терезе» қағидаты бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» МК» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы — «ХҚКО»Департаментi Еңбекшiлдер аудандық бөлiмшесi арқылы немесе үй жағдайында онлайн режимде интернет-ресурс www.egov.kz сайты арқылы ала аласыздар.
Құрметпен,
А.Т.Шауенова