A- A A+
«Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Өтер жылдың қорытынды отырысы

Өтер жылды қорытындылап, келер жылға мiндеттер мен мақсаттар белгiлеу үшiн 15 желтоқсан күнi аудандық әкiмiдiкте жергiлiктi атқару органдарының өкiлдерi жиналды. Отырысқа аудан әкiмi Асқар Қиықов төрағалық еттi. Күн тәртiбiнде жергiлiктi полиция қызметiнiң өкiлi Б.Балиевтың, экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы Т.Омаровтың және аудандық архив директоры А.Шауенованың баяндамалары тыңдалды.

Нақтылап айтсақ, Анар Төлепқызы отырыста 2016 жылдың 11 айының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасының қорытындысы туралы айтты. Өткен жылға қарағанда электрондық пошта арқылы -256 болса, биыл 399, ХҚКО арқылы 244, биыл 290 өтiнiш түскен, ал пошта арқылы 2015 жылы-233 өтiнiш түссе, биылғы жылы 205 азаматтық өтiнiш түстi. Жалпы азаматтық өтiнiштер саны 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейiн 733, 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейiн 894-ке жетедi.

Мақаланың шыққан күні: 27.12.2016
Қаралым саны: 1975

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»