«Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ |
ТАРИХ
Көкшетау мемлекеттiк архивiнiң Степняк филиалы 1963 жылдың 26 шiлде күнi екi архивтiң қосылуы негiзiнде құрылды — Еңбекшiлдер ауданы және Степняк қалалық мемлекеттiк архивi Көкшетау қаласының облыстық атқару комитетi жанындағы архив бөлiмi бойынша № 96 бұйрығы негiзiнде (Т-1, iс.56) Қор 131.
Архивтiң Степняк филиалы тiкелей Көкшетау облыстық мемлекеттiк архивiне бағынды және ведомствоға қарасты ұйым болып табылған, екi ауданға қызмет көрсеттi — Валиханов және Еңбекшiлдер.
Степняк филиалының мiндеттерi: мекемелердегi ведомстволық архивтер мен ағымдағы iс жүргiзуге бақылау болып табылған. Мекемелерден, ұйымдардан, Селолық Кеңестерден, совхоздардан, аудан және қаланың атқару комитеттерiнен архивке тұрақты сақтау мерзiмдегi құжаттар қабылдаумен айналысқан.
1997 жылдың 03 мамырдағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын жетiлдiру бойынша алдағы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын орындау мақсатымен және Көкшетау облысының мемлекеттiк архивi мен оның филиалдарының жоюлуына байланысты, сонымен бiрге 1997 жылдың 30 маусымдағыа №137 «Солтүстiк-Қазақстан облысы архивтiк мекемелерiнiң құрылымы туралы» Солтүстiк-Қазақстан облысы Әкiмiнiң шешiмiн орындау мақсатымен Көкшетау облыстық мемлекеттiк архивi Степняк филиалының негiзiнде Еңбекшiлдер аудандық архивi құрылды.
1999 жылдың 18 сәуiрдегi қайта тiркеуiне сәйкес архив Ақмола облысы «Еңбекшiлдер ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесi деп аталады.
Мемлекеттiк архив қызметi бiздiң қоғамымыздың тарихи байлығы болып табылатын, архив қорын толықтыруына және сақталуына, сонымен бiрге аудан мекемелерiнде, кәсiпорындарында, ұйымдарында және селолық округтерде iс жүргiзу бойынша тәжiрибелiк және әдiстемелiк көмектi жүзеге асыруына бағытталған.
Архивтiң негiзгi мiндетi негiзгi құжаттаманы жинау және сақтау, жоғары дәрежеде оның бар сан алуандығындағы тарихи процесс барысын бейнелейтiн: саяси, ғылыми, халық шарушылық мағынасы бар құжаттаманы, қоғамдық-саяси, шаруашылық және мәдени өмiрдi даму мақсатында пайдаланатын болады.
Архив қызметiн ұйымдастырудағы негiз болатын құжаттар «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасы, «Облыс мекемелерiнде, ұйымдарында, кәсiпорындарында iс жүргiзу, құжаттарды ведомстволық сақтау жағдайы және оны жақсарту бойынша шаралар туралы» облыс әкiмiнiң қаулысы болып табылады.
Тәуелсiздiк жылдарында қорлар саны артты. Егер 1992 жылдың 1 қаңтарына барлығы 128 қор болса, бұл 23559 сақт. бiрл. құраған, бүгiнгi күнi 211 қор, бұл 41803 сақт. бiрл. құрайды, соның iшiнде басқарушылық құжаттаманың — 25654 сақт. бiрл., жеке құрамы бойынша -15679 сақт. бiрл., фотоқұжаттар — 154 сақт. бiрл., жеке тектiк құжаттар — 316 сақт. бiрл.
Валиханов ауданының жоюылуына байланысты мемлекеттiк сақтауға 3162 сақт. бiрл. көлемiнде бұрынғы Валиханов ауданының құжаттары қабылданған болатын, соның iшiнде басқарушылық құжаттаманың — 228 сақт. бiрл., жеке құрамы бойынша — 934 сақт. бiрл.
Күмәнсiз қызығушылықты Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi кезеңiнде құрылған, құрылымдар құжаттары танытады. Аса маңызды мәслихат және әкiм аппаратының құжаттары болып табылады, олар әлеуметтiк-экономикалық даму, бюджет, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерiнiң қызметi туралы мәлiметтер бар және басқа.
Мемлекеттiк архивте 1913-2010 жылдарғы Бұланды орман шаруашылығының құжаттары сақталуда, онда соғысқа дейiнгi және соғыс жылдарындағы орман қорын есепке алу және орман күзетi бейнеленедi — Каззолото тресiнiң, 111 Интернационал шахтасының, жөндеу-механикалық зауытының, статистикалық басқарманың, колхоздардың, соғыстан кейiнгi жылдары — денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру бөлiмдерiнiң, совхоздардың, тәуелсiздiк кезеңi — өндiрiстiк кооперативтердiң.
Құрамы мен мазмұны бойынша аса қызықты қалалық атқару комитетiнiң, Еңбекшiлдер және Валиханов аудандары аудандық атқару комитеттерiнiң, селолық Кеңестердiң, жер бөлiмдерiнiң, колхоздардың, совхоздардың, МТС қорлары ұсынылған, олар аумақтың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени даму тарихы бойынша материалдар.
Зор ықылас жеке тектiк құжаттарына бөлiнедi. Сақталып жатқан қорлар арасында Қазақ КСР халық ағартудың үздiгi, еңбек сiңiрген ұстаз, еңбек ардагерi — Мария Зиновьевна Кашемированың жеке архивтерi бар, профессор Василий Дмитриевич Симов-Гирей құжаттары, Хаджи-Грозный ұрпағы, Крым хандығының негiзiн қалаушысы — хан тегiнiң соңғы өкiлi, қаза тапқан сарбаз-интернационалист Николай Владимирович Дрыгачтың, Ленин және Еңбек Қызыл Ту Орденiнiң кавалерi, мемлекеттiк сыйлық лауреаты, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты — Қазбек Смағұловтың, соғыс және еңбек ардагерлерi Алексей Александрович Шабановтың, Николай Дмитриевич Харочкиннiң, Ақылбек Беспайұлы Кииковтың, Лидия Тихоновна Четверикова — Киикованың, Қазақ КСР халық ағартудың үздiгi, Степняк қаласының құрметтi азаматы, еңбек ардагерi — Владислав Станиславович Бочковскийдiң, Еңбекшiлдер ауданының құрметтi азаматы, еңбек ардагерi — Тасболат Алпысовтың жеке архивi.
Сонымен бiрге 1937 жылдан мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде облыстық және аудандық газеттер сақталуда. Барлық аталған қорларды зерттеушiлердiң көптiгi, ведомстволық архивтер қызметкерлерi, мектептер ұстаздары мен оқушылары пайдаланады. Құжаттар бойынша олар зерттеулер жүргiзедi, рефераттарды жазады.
Жыл сайын архив қоры толықтырылады. 1991 жылдан 2015 жылға дейiн 84 қор құрылды, мемлекеттiк сақтауға 19 мыңнан астам сақт. бiрл. қабылданды.
Құжаттар сараптамасы мен ғылыми-техникалық өңдеуi өткiзiледi, тiзiмдемелер құрастырылады. Құжаттардың көп бөлiгi картон қораптарда сақталады.
Жылға жұмыс жоспарына сай үнемi архивтiк құжаттардың сақталуына және мемлекеттiк есебiне тексерiс жүргiзiледi, соның iшiнде құжаттарды тексеру, қалпына келтiру, тiгу, өшiп жатқан мәтiндi қалпына келтiру, құлақшаларды, бумаларды ауыстыру, шаңсыздандыру, залалсыздандыру, дәрiлеу және басқа жұмыстар.
Архивтiк құжаттар негiзiнде газеттiк материалдар дайындалады, азаматтардың, ұйымдардың әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұраулар орындалады. Жүйелi түрде «Сельская новь» аудандық газетте, «Информационный бюллетень» журналында мақалаларды жариялаймыз, жыл сайын Еңбекшiлдер ауданының ұмытылмас және айрықша оқиғалар күнтiзбесi шығарылады.
Ұмытылмас және мерейтойлық даталарға, Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына арналған, стендтер мен көрмелер ресiмделедi. Жеңiс күнi қарсаңында архив қызметкерлерi жыл сайын соғыс және еңбек ардагерлерi үшiн бағалы сыйлықтар берумен дөңгелек үстелдердi ұйымдастырады.
Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен альманах және бюллетень үшiн құжаттар iздеуi мен дайындығы жүргiзiледi.
2007 жылы мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен ведомствоаралық архив анықтамалығы, архивтiк қызмет қызметкерлерi, студенттер, өлкетанушылар, өлке тарихы қызықтыратын, зерттеушiлер үшiн жолнұсқасы басылып шығарылды. Жолнұсқада әр қорға бөлек мiнездемесi бар. Ведомствоаралық архив анықтамалық 1928 жылдан 2005 жылға дейiн кезеңдi қамтиды. Оған тек қана Қазақстан Республикасы архивтiк қорының толықтыру көздерi болып табылатын, аудан мекемелерi, кәсiпорындары, ұйымдарының ведомстволық архивтерi бойынша деректер кiрдi, архивтiң 10-жылдығына буклет. Сонымен бiрге ағымдағы жылда жеке құрамы бойынша құжаттарына анықтамалық дайындалды.
Мемлекеттiк архивiмен ведомстволық архивтермен жұмысына зор көңiл бөлiнедi. Ведомстволармен жұмысты есепке алу журналы басталды. Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен тәжiрибелiк және әдiстемелiк көмек көрсетiледi, аудан мекемелерi, ұйымдары мен кәсiпорындары iс жүргiзудегi құжаттар ұйымдастыруына бақылау жүзеге асады. Мұнда басты iстер номенклатурасы болып табылады, оның мақсаты — белгiлi сұрақтар бойынша, сақтау мерзiмдерi бойынша құжаттардың дұрыс қалыптастыруын қамтамасыз ету. Барлығы 2008-2015 жылдар iшiнде 222 iстер номенклатурасы, 21 ведомстволық архив туралы ереже, 23 сараптау комиссиясы туралы ереже келiсiлдi және әзiрлендi.
2009 жылдан бастап құжаттардың каталогтауы бойынша жұмыс басталды. Барлығы 285 құжат каталогтанды, 538 карточка құрастырылды.
Азаматтар сұрауларын орындалуына зор көңiл бөлiнедi. Олардың көп бөлiгi жұмыс өтiлiн және жалақы мөлшерiн растауына, соғыс, еңбек, ордендерi мен медальдарымен, көп бабалы аналарды марапаттауына, азаматтардың мүлiк құқықтарына, бiлiм беруiне, өндiрiстегi жазатайым жағдайларға, селолық Кеңестердiң шаруашылық кiтаптарына, және басқа құжаттарға қатысты, азаматтардың құқықтары заңды мүдделерiн қамтамасыз етуiне қатысты.
2015 жыл iшiнде барлығы 803 сұрау орындалды, соның iшiнде әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы 795, тақырыптық — 12.
Архив ұжымы ауданда өткiзiлетiн, барлық iс-шараларға белсендi қатысады