«Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві» КММ |
18 наурыз Наурыз мерекесі аясында Ұлттық киім күні аталып өтіледі. Ұлттық киім қазақстандықтардың ұлттық сипаты мен бірлігін бейнелейтін ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Ұлттық киім күні — бұл киім арқылы өз даралығын білдіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әртүрлігін қолдау мүмкіндігі. Ұлттық киім кию бастамасын Біржан сал ауданының мемлекеттік архивтың қызметкерлері қолдады.